25 апреля 2024
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Өткен апта «Жасыл аймақ» ұранымен өтті. Соған орай Amanzholov University студенттері Мемлекеттік рәміздер тауында («Қазақстан») экологиялық акцияға қатысты. Тау етегіндегі аллея бойына 500 шырша, қайың, терек көшеттері отырғызылды.
— Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бұл уақытша ғана акция емес, тұрақты негізде жүзеге асырылатын бастама. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне келер болсам, біз ЖОО мен қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын үнемі атқарамыз. Жас ұрпақ бойына экомәдениетті сіңіруде белсендіміз, — деді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Төлеген.
Бүкіл Қазақстан аумағында экоакция басталған сәттен бастап университет студенттері университет пен қала аумағында оннан астам сенбілік өткізді. Жастар ғана емес, университет қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы да игі іске қосылды.
— Қандай экологиялық акция болмасын шетте қалмаймыз. Өйткені, бұл біздің оқу орыны, бұл біздің қала, біздің туған жеріміз. Сондықтан, туған өлкені қастерлеу – парыз. Мұндай шараның әсіресе жастарға берері мол деп ойлаймын, — дейді ШҚУ студенті Дәулет Байғожин.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы әлі екі апта жалғасады.