25 Сәуір 2024


ШҚУ-ДА ЖАСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮНІ ӨТТІ

 С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да халықаралық жастар ынтымақтастық күніне орай шетелдік студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге арнайы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбекұлы,қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы және «Жастар ассамблеясы» республикалық  қоғамдық бірлестігінің ШҚО бойынша өкілі Равиль Юнусов қатысты.

Кездесу барысында мамандар студенттерге өз жұмыстарын таныстырып, ынтымақтастық күнінің маңыздылығын атап өтті.

-Кездесудің басты мақсаты-еліміздегі шетелдік студент-жастармен ынтымақтастықта, байланыс орнату,- дейді Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Бақытжан Ерболқызы

Сондай-ақ, студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, еркін әңгіме өрбітті.

– Мен Өзбекстаннан келіп, білім алудамын. Университеттегі білім жүйесі, оқытушылар ұнайды. Бүгінгі кездесуде өзіме көптеген ақпарат алдым,-дейді ЖОО студенті Шахнозахон Хожиматова.

Айта кету керек, қазір ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы қарқын алып келеді. Мәселен, қазір ЖОО-да Тәжікстандық 16 студент білім алуда.