26 апреля 2024


С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШҚУ МЕН АЛТМУ АРАСЫНДАҒЫ «ЦИФРЛЫҚ» ИНТЕГРАЦИЯ

   С. Аманжолов атындағы ШҚУ үнемі Ресей Федерациясының үздік жоғары оқу орындарымен интеграцияға және қосдипломды бағдарламаларды дамытуға ұмтылады. Бұл бағдарламалар студенттерге екі бөлек диплом алуға мүмкіндік береді. Бірі ШҚУ дипломы болса, екіншісі серіктес ЖОО дипломы. Қос диплом бағдарламасымен оқу аяқтау ЖОО-нын бітіргеннен кейін түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады. Оларға Қазақстанда да, шетелде де жақсы жұмыс мүмкіндіктер ұсынады.

Осылайша, IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің деканы Салтанат Адиқанова «Информатика» білім беру бағдарламасының магистранттары Ж. Серікова, Д. Оспанова, Ж. Көбентай, «Ақпараттық жүйелер» магистранты А. Көбентаймен бірге «Менің таңдауым — ғылым!» атты Барнаулда өткен ауқымды шараға қатысты (2024). Олар сондай-ақ Алтай мемлекеттік университетінің бірқатар институттары мен ғылыми зертханаларында, сондай-ақ Digital UP цифрлық кафедрасын даярлау орталығында болды.

Сапар барысында Салтанат Адиқанова АлтМУ басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Елена Понкинамен кездесті. «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және «Қолданбалы информатика: «Солтүстік және Орталық Азия өңірлерінің тұрақты дамуы үшін деректерді талдаудың цифрлық технологиялары» магистратурасының бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру жайы келісілді.

— Алтай мемлекеттік университетімен біз көптен бері жемісті ынтымақтастықтамыз. Сапар барысында жақсы материалдық база, университеттің жоғары әлеуетіне куә болдым. Біз үшін ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Digital UP орталықтарын, VR зертханаларын және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен корпоративтік қорғау зертханасын құру тәжірибесі өте қызықтырды. Университет белсенді дамып келе жатқанына назар аудардым. VR-әзірлемелер, жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік бағыттары сұранысқа ие. Біз өзара бірқатар оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру туралы келісімге келдік. Мұндай зертханалар мен орталықтарды құру тәжірибесімен алмасу өте маңызды, — дейді Салтанат Адиқанова.

АлтМУ магистратурасының бірлескен білім беру бағдарламасының жетекшісі, Теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі Елена Понькина да ынтымақтастыққа өз бағасын берді.

– С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті білім беру бағыттары бойынша ғана емес, ғылыми салада да біздің көптен бергі серіктесіміз. Біз әсіресе IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебімен жақсы байланыстамыз. Магистратура бағдарламалары бірлесіп іске асырылуда. Оның арқасында студенттер екі дипломды, яғни АлтМУ және ШҚУ-дың дипломын алады. «Приоритет 2030» жобаларын іске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Жақында ғана АлтМУ делегациясы ШҚУ-ға арнайы сапармен келді. Қазір Қазақстаннан келген студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мамыр айында бағдарламалау бойынша хакатон өткізіледі, — деді Елена Понькина.

Мұның бәрі білім беру процестерінің нақты интеграциясына, студенттердің шығармашылығын ынталандыруға септігін тигізеді.