29 апреля 2024


СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ

  Студенттер үйінде студенттердің эмоционалды жағдайын сессияға дайындау мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.

Бүгінгі таңда көптеген студенттер емтиханда нағыз стрессті сезінеді! Емтихан кезінде сабырлы және жинақы болу, тапсырмаға зейін қою және оны орындау уақытын дұрыс есептей білу студенттің емтиханға психологиялық дайындығына тікелей байланысты. Әртүрлі жаттығуларды орындау арқылы қатысушылар өздерін және емтиханды қалай басқаша қабылдай алатынын, қалаған нәтижеге жету үшін өз мінез-құлқын қалай өзгертуге болатынын анықтайды.