3 Мамыр 2024


ШҚУ ҰЖЫМЫ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШҚО ДЕПАРТАМЕНТІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ұжымы «ТАЗА СЕССИЯ – ТАЗА ҚОЛ» науқаны аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаменті өкілдерімен кездесті.
Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев арнайы қатысты.
Кездесу мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды университет қабырғасында арттыру.
Сондай-ақ, ЖОО басшысы Мұхтар Төлеген университет қабырғасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылып жатқан істердің бірқатарын атап өтті.
Мәселен, 2023 жылдың тамыз айынан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы іске аса бастады. «Sanaly urpaq» берік материалдық-техникалық базасы бар студенттер клубы құрылды.
Сонымен қатар, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ШҚУ-да «Жастар – елдің тірегі, үкілеген үміті» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті. Университетте «Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстелдер жиі ұйымдастырылады.
Кездесу соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаменті өкілдері университет ұжымына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында өткізіп жатқан шараларына алғысын білдіріп, ары қарай белсене жұмыс атқаруға шақырды.