4 мая 2024


МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМ ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да Ғылым айы аясында өткен мектеп оқушыларына арналған Ғылым фестивалі аяқталды.
Фестивал барысында оқушылар біраз талпынып,үлкен нәтижелер көрсетті. Олар физика, география, жаратылыстану, нейротехнология, робототехника, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы әзірлемелерін ұсынды. Айта өту керек,ең бастысы, әзірлемелердің барлығы пайдалы және өмірде қолдануға арналған.
-Менің жобам-ағылшын тілін ертегілер арқылы үйрету.Ағылшын тілін ертегілер арқылы меңгеру оңай әрі еркін.Сондықтан, менің жобам ағылшын тілін ертегілер арқылы үйретуге бағытталған,-дейді Алтай қаласының № 9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Салтанат Ринатқызы
Фестивалге қатысушылардың қарасы қалың.Ал,олардың әзірлемелері бірінен-бірі өтеді.
-Менің жобам робототехника саласына арналған.Дәлірек айтсам,робототехниканың тым күрделі сала еместігін дәлелдеуге арналған.Мен өз әзірлемемді біраз жерде қорғадым.Әйтсе де, дәл осындай ауқымды шараны бірінші рет көруім,-дейді Aбaй aтындaғы №33 oртa мектептің 9-сынып оқушысы Ерасыл Серік.
Ал,фестивалдің марапаттауына арнайы басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген қатысып,оқушыларды құттықтады.
-Біздің жас ғалымдарымыз ғылым жолындағы қадамдарыңыз оңынан болып,ізденістеріңізді тоқтатпаңыздар.Бәрі де еңбекпен және табандылықпен келетінін ұмытпағайсыздар,-дейді басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген.
Осылайша,фестивал соңы кіл мықтыларды марапаттаумен аяқталды.
Нәтижелерге тоқталсақ,1-4 сыныптар аралығында 1 орын ШҚО ББ дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің 3-сынып оқушысы Нина Журавлеваға,екінші орын Данил Нифантовқа және үшінші орын № 1 Жаңа Бұқтырма орта мектебінің 4-сынып оқушысы Жансұлу Ырысбекке табысталды.Ал,5-11 сыныптар аралығындағы әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша 1 орын Риддер қаласы бойынша № 1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары Мария Кузьмина,Мария Черепахинаға табысталды.Екінші орын Алтай қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Аяна Жиидиноваға берілсе,үшінші орынды Алтай қаласының № 9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Салтанат Ринатқызы иеленді.Ал,жаратылыстану-техникалық бағыт бойынша бірінші орынды К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп –гимназиясының 10-сынып оқушылары Қарақат Адилханова мен Мариям Махсатова,екінші орынды Ивановка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Владимир Пельц,үшінші орынды Aбaй aтындaғы №33 oртa мектептің 9-сынып оқушысы Ерасыл Серік иеленді.
Ал, фестивалдің кіл мықтысы,жеңімпазы Алтай қаласының № 9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арна Базарбекова атанды.
-Менің жобамның тақырыбы- суды тұту мен үнемдеудің математикалық есептеулері.Жалпы,су тапшылығын тұрғын үй жағдайында реттеуге бағытталған.Жобамның арқасында,төрт жылдық білім беру гранттын иелену мен үшін үлкен жетістік.Өте қуаныштымын,-дейді Алтай қаласының № 9 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Арна Базарбекова.
Сондай-ақ,жеңімпазға ректордың төрт жылдық білім грантты табысталды.
Айта кету керек,дәл осындай фестивалдардың ғылым саласын жастар арасында арттыруда,мектеп жасынан ғылымға қызығушылық оятуда маңызы зор.