6 мая 2024
ШҚУ ҰЖЫМЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкерлері мен ПОҚ үшін халықаралық тағылымдамалардан өту бойынша ворк-шоп өтті.
Мақсат- университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық тағылымдалар тізімімен таныстыру.
-ЖОО үшін халықаралық ынтымақтастық өте қажет.Қазір біздің ЖОО-ның әр доктаранты халықаралық тағылымдамадан өтеді.Университеттің халықаралық деңгейде көтерілуі үшін халықаралық жобалар мен тағылымдадан төбе көрсету маңызды,-дейді басқарма төрағасының орынбасары — Стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ирина Ровнякова.
Сондай-ақ, проректор ЖОО-ның National H-index Ranking – 2024 рейтингінің университеттер тобында көш бастағанын,өткен жылы Scopus-та Хирш индексінің көрсеткіштері бойынша 58-ші орында болса, биыл 30 орынға дейін көтерілгенін атап өтті.
Ворк-шоп барысында стратегия, халықаралық ынтымақтастық және аккредиттеу бөлімінің жетекшісі Дана Нигманова мен Динара Рахметова ПОҚ-пен қызметкерлерге халықаралық тағылымдамадан өтуге арналған бірқатар бағдарламалар жайлы ақпаратпен таныстырды.Атап айтқанда, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, «Орхун» алмасу бағдарламасы мен ЖОО ПОҚ үшін Корея Республикасында тәжірибе алмасуға арналған бағдарламалар.
Айта кету керек, ЖОО-дағы профессорлық-оқытушылық құрамның 70%-ын ғылым кандитаттары мен phd мамандар құрайды.Ендеше,дәл осындай халықаралық тағылымдамадан өту ЖОО-ның дамуында маңызы зор.