14 Мамыр 2024


ШҚУ-ДА ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛАДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да дәстүрлі алтыншы жыл қатарынан Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау өтті.


ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген 2018 жылдан бері іс-шара аясында университет гранттарының сертификаттарын жеңімпаздарға жеке тапсырады.
Биыл олар ШҚО-ның дарынды екі оқушысы – №1 Күршім орта мектебінің оқушысы Гүлім Идаятова мен Жамбыл мектеп-гимназия-интернатының оқушысы Мархабат Саяшова болды.


-Мен осы оқу орнына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне түсуді армандайтынмын. Сондықтан грантты жеңіп алғаныма өте қатты қуаныштымын. Ректорға жастарға осындай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін, – дейді Мархабат.


Айта кету керек, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған байқау екі кезеңнен тұрды: эссе және ауызша тапсырма. Жас қатысушылар КСРО еңбек сіңірген педагогының өмірбаянын, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білуде өзара бақ сынасты.