15 Мамыр 2024


ШҚУ ОҚЫТУШЫСЫ «ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР» ТӨСБЕЛГІСІН ИЕЛЕНДІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының концертмейстері Ануза Жұмақанова «Құрметті ардагер» төсбелгісін иеленді. «Әжелер алқасы» атты облыстық форум барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Анузе Нүксінқанқызына құрмет төсбелгісін табыстады.
Айта кету керек, ШҚУ оқытушысы жоғары оқу орындарының, қалалық және облыстық іс-шаралардың белсенді қатысушысы.Ол домбырада шебер,музыкалық композициялар ойнайды.