15 Мамыр 2024


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің сегіз оқытушысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.


Оқыту барысында ШҚУ қызметкерлері зерттеу қызметін ұйымдастыруды, компьютерлік графиканы, экономикалық пәндерді оқыту әдістемесін, бастауыш сыныптарда қазақ тілі мен әдеби оқуды, физика, жүзуді, сондай-ақ биология саласында виртуалды зертханалар құруды меңгереді.


Курстардың жалпы көлемі-72 сағат.