16 Мамыр 2024


СЕРІКТЕС ЖОО-НЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ШҚУ-ДАҒЫ ОҚУ ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Ішкі академиялық ұтқырлық аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері Гаухар Ахметсиянова мен Аксана Аққалиева ШҚУ-да «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алды.


– Ректор Мұхтар Әділбекұлына, Педагогика және психология Жоғары мектебінің деканатына, «Парасат» оқу орталығына, Фариза Серікбекқызы мен Гаян Нұрахметқызына жылы қабылдап, сапалы білім бергендері үшін алғыс айтамыз. Қазақстанның үздік ЖОО-дарының бірінде білім алғанымызды мақтан етеміз, – дейді жетісулық студенттер.


Айта кетейік, С. Аманжолов атындағы ШҚУ сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын белсенді жүзеге асыруда. Университет 100-ден астам серіктес жоғары оқу орындарымен келісімге келген.