17 мая 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

  Университет пен жоғары колледждің бітіруші курс студенттері жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысты.
Іс-шара барысында «Өскемен қаласының мансаптық орталығы» жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «ШҚО еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ филиалының жұмысы, оның ішінде жастармен жұмыс бөлігінде таныстырылды.
     С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Professional Upgrading» мансап орталығының жетекшісі Жаннель Болатованың айтуынша, университет Өскеменнің мансап орталығымен тұрақты негізде тығыз ынтымақтастық жүргізуде. Олардың шақыруы бойынша университет пен жоғары колледждің бітіруші курс студенттері «Жастар практикасы» және «Бірінші жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
   — Студенттер жәрмеңкеде ұсынылған жұмыс орындарымен танысуға мүмкіндік алды, — дейді Жаннель Болатова.
Іс-шарада құқық қорғау органдары, әскери бөлімдер, құрылыс компаниялары, барлығы қырыққа жуық жұмыс беруші өз бос орындарын ұсынды.
   Олардың мәлімдеуінше, негізінен қала бойынша сұранысқа ие мамандықтар-электрик, энергетик, құрылыс мамандары, аспаз, тігінші, әскери мамандар, техника мамандары мен мұғалімдер.