20 Мамыр 2024


ШҚУ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАКАТОННЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ БОЛДЫ

Таяуда Ресейде Математика және ақпараттық технологиялар институты ұйымдастырған «Brain Hack» бағдарламалау бойынша халықаралық онлайн-хакатон өтті.
Қатысушылар қатарында Ресей Федерациясының, Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері болды.


«Python-да бағдарламалау» трекінде «Ақпараттық жүйелер» және «Информатика» мамандығының магистранттары Татьяна Васькова мен Нұргүл Тоғасова үздік атанды. Білім алушыларға бірінші дәрежелі дипломдар табысталды.


Сондай-ақ «Компьютерлік көру» трекінде Гүлсім Қабдрахманова екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.