24 мая 2024


«ДАНА БАЛА» ОРТАЛЫҒЫНДА ЛОГОПЕДТЕРГЕ АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАҚ ӘЗІРЛЕНДІ

 «Дана бала» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алима Алипова атап өткендей, Amanzholov University жобасы аясында «LOGO Қоржын» әзірленді, ол қазақтың кәдімгі қоржыны сияқты екі бөліктен тұрады. Бір бөлігі диагностикалық, екіншісі түзетуге арналған. Оған оқулықтар, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтар енген. Әзірлемеге этнопедагогика элементтері, сөйлеуді дамыту бойынша материалдар енгізілген. Яғни, дыбыстардың айтылуынан бастап, сөйлеудің дамуына дейін. Диагностикалық карта, ұсақ артикуляциялық моторика бойынша нұсқаулық, логопедиялық альбом, дыбысты автоматтандыру бойынша нұсқаулық, тыныс алу жаттығуларына арналған құрал және басқа да нұсқаулықтар енген.

— Мысалы, QR коды бар нұсқаулық кекештеніп сөйлейтін балаларға пайдалы. Олар кітаптағы QR код арқасында ән айту, музыка тыңдау арқылы сөйлеуді түзете алады, — деді Алима Алипова.

Орталық басшысының айтуынша, «LOGO Қоржынның» бірегейлігі — оны арнайы мамандар (дефектологтар, логопедтер), ата-аналар да, студенттер де пайдалана алады. «LOGO Қоржын» түзету кабинеттеріне де, жеке қолданысқа да жарамды.  Бұл логопедтің жұмысына арналған толық жиынтық.