24 Мамыр 2024


ШҚУ СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

 С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың дене шынықтыру және спорт ББ 1-курс студенті Жалғас Төреханов  жасөспірімдер арасында армрестлингтен өткен Азия чемпионатында    бірінші орынды иеленді.

Айта өту керек,чемпионат Өзбекстан мемлекетінде Ташкент қаласында өтті.

ЖОО студенті 85 келі салмақ санаты бойынша тартысқа түскен.

-Жарысқа үш ай көлемінде мұқият, аса табандылықпен дайындалдым. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе. Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Жалғас Төреханов.

Айта кету керек, армрестлинг-сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасатын ерекше спорт түрі. Бұл спорт алғаш 1952 жылы Калифорнияның Петалума қаласында жандана бастаған. Қазір аталған спорт түрімен айналысатындардың қарасы қалың. Студенттер, оқушылар, үлкендер, қарттар арасында өткізіліп отырады.