28 Мамыр 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЛИЦЕЙЛЕРІНДЕ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

 Екі апта ішінде 6В01507 «Химия-Биология» БББ 1 курс студенттері С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында оқу іс- тәжірибеден өтті.

Іс-тәжірибе барысында білім алушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білді. Сонымен қатар ШҚО ББ Өскемен қаласы ББ № 3,44 мектеп-лицейлерде танымжорық жүргізіліп химия кабинеттері құрылымымен, нормативтік құжаттармен, мектеп қызметіндегі барлық стандарттармен танысты.

Қорытынды конференцияда нәтижелерімен бөлісіп, есептерін тапсырды. Іс-тәжірибе жетекшісі: химия кафедрасының сениор лекторы, педагогика ғылымдарының магистрі Қабдысалым Күлайгүл

Сапалы білімді саналы ұрпақ тәрбиелейтін жас ұстаздарға білім жолында сәттілік.