28 мая 2024


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар жеті өзекті мәселені қарастырды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру қорытындылары, оқу жұмысы мен педагогикалық жүктеменің еңбек сыйымдылығын есептеу үшін нормативтер, «Dana bala» орталығы қызметінің перспективалары, көктемгі емтихан сессиясы, педагогтың білімін бағалау, түлектерді жұмысқа орналастыру және студенттердің далалық практикадан өтуі.


Сонымен қатар отырыс барысында оқытушылар мен қызметкерлер кәсіподағы комитетінің төрағасы Нұрбахыт Аяғанованы салтанатты түрде зейнеткерлікке шығарып салу шарасы өтті. Сыйлы қызметкер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ректор Мұхтар Төлеген бастаған университет ұжымы ақ тілектерін жаудырды. Нұрбахыт Қасымқызына арнап қазақ ұлттық биі қойылды, әріптестері әсем ән шырқады.


— Нұрбахыт Қасымқызына деген менің сыйластығым, айтар алғысым ерекше. Оның көпжылдық адал еңбегі, кәсібилігі мен ақжарқын болмысы адам сүйсіндіреді. Сондықтан, рахметтен басқа айтарым жоқ. Қызмет жылдары ол бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, алғысхаттармен, түрлі наградалармен марапатталды. Оның тәжірибесі мен жеке қасиеттері барлық қызметкерлер үшін жарқын мысал, — деді университет басшысы Мұхтар Төлеген.


Мерейтой иесі барша құттықтаған жандарға алғысын жаудырды.


— Шыны керек, мен мұндайды күткен жоқпын. Құттықтаулар, қолдау, жылы шығарып салу үшін барлығына көп рахмет. Мен осы университеттің бір бөлігі болып қала беремін», — Нұрбахыт Аяғанова.


Нұрбахыт Қасымқызы ШҚУ-ға қырық жыл ғұмырын арнаған. Әр жылдары орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы, тәрбие ісі жөніндегі проректор және аспирантура бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Қызметкерлер кәсіподақ комитетінің төрағасы болып 2007 жылы тағайындалған.