29 Мамыр 2024


ШҚУ ПОЛЬШАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫМЕН КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

ШҚУ мен Люблиндегі Әлеуметтік және медициналық ғылымдар академиясы арасында халықаралық ынтымақтастық және Эразмус+ бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.
Құжат халықаралық «Түрлі елдер-түрлі сын-қатерлер» апталығы барысында бекітілді. Іс-шараға Италия, Малайзия, Индонезия, Молдова, Грузия және Қазақстан ғалымдары қатысты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің атынан ф.ғ.к., Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сеньор-лекторы Раушангүл Мұқышева қатысты. Университет оқытушысы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі, қазақ мәдениеті мен тарихы туралы баяндама жасады.