4 июня 2024


ШҚУ-ДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында патриоттық акция өтті.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Ту, Елтаңба және Әнұран екені белгілі. Жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған іс-шара барысында университетте Мемлекеттік Әнұран мен Қазақстанның патриоттық әндері орындалып, рухты көтерер өлеңдер оқылды. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Қалимолдина атап өткендей, акцияның ерекшелігі оған ЖОО-ның барлық ұжымы мен студенттерінің қатысуында.


— С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың барлық оқу ғимараттарында Әнұран шырқалды. Біздің еріктілер университет қызметкерлеріне, оқытушылары мен студенттеріне Мемлекеттік туларды таратты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай университетте жыл сайын осындай патриоттық акциялар өткізіледі, — дейді Жаннета Қалимолдина.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерге қатысты бірқатар басым шараларды белгілеген болатын. Атап айтқанда, осы бағытта жастармен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.