5 Маусым 2024


ШҚУ СТУДЕНТІ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА НЕГІЗІНДЕ БОЯМА АЛЬБОМ ӘЗІРЛЕДІ

 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының екінші курс студенті, әуесқой суретші Аружан Ражапова компьютерлік графика мүмкіндігінің негізінде бояу альбомын жасады. Негізгі екпін Өскемен қаласының сәулетімен танысуға жасалған. Бояу альбом ретінде әзірленген. Веб-қосымша https://aruzhan.choices.kz/ QR кодымен ашылады.
Жобаның ғылыми жетекшісі – С. Аманжолов атындағы ШҚУ техника және технология магистрі. Бақытжан Көпжасаров.
– Біздің қала көптеген ерекше, ескі сәулет ғимараттары мен құрылыстары бар әдемі шаһар. Бұл әдемілікті шығармашылық жоба арқылы көрсетуді ойладым. Біздің жұмысымыздың тұжырымдамасы осылай қалыптасты деп айтуға болады, – дейді Аружан Ражапова.
Бояуға арналған альбомда спорт сарайының, драма театрының, Достық үйінің, әуежай терминалының, неке сарайының, Бәйтерек көшірмесінің, ШҚУ бас оқу корпусының ғимаратын, Сәрсен Аманжолов, Абай, Жамбыл ескерткіштерін және облыс орталығының басқа да сәулет құрылыстарын көруге болады.
Айта кету керек, жобаға алғашқылардың бірі болып «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері өз бағаларын берді.