6 Маусым 2024


ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖДЕ «ЖАС ПЕДАГОГ» ЖӘНЕ «ENJOY CAMP» АТТЫ ПРОФОРИЕНТАЦИЯЛЫҚ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ ӨТУДЕ

С.Аманжолов атындығы ШҚУ Жоғары колледжінде 3-7 маусым аралығында «ЖАС ПЕДАГОГ» және  «ENJOY CAMP»  атты профориентациялық  жазғы лагері жұмыс жасауда.

Бағдарлама мақсаты: 2024 жылдың жаз мезгілінде мектеп оқушыларының демалысы мен денсаулығын сақтауды ұйымдастыру, олардың тұлғалық өсуіне жағдай жасай отырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, балаларды шығармашылық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту және   мамандық таңдауға кәсіптік бағыт- бағдар беру.

Жазғы лагерь барысында ұйымдастырылған бағдарламалар күнделікті  сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті, спорт алаңы, колледж ауласында өтіп жатыр.

Жазғы лагерь бағдарламасы «Қош келдің, Жас Педагог!», «Қош келдің, «Enjoy camp!», «Бөлме ойындары», «Асық Пати», «Кім мықты?»  спорттық ойынындарынан, «Полиглот», «Алтын көмбе»  зияткерлік ойынындарынан, «Толағай», «Ашық микрофон», «Жұлдызды сәт», «Кинесиологиялық жаттығулар», «Көңілді экран», «Эмпатия картасы», «Бәрі сенің қолында», «Қолшатыр әдісі» рефлексиялардан,  «Жазғы бақ» атты қолөнер шеберлік сағатынан, «Информатика әлеміне саяхат» атты информатикалық – интеллектуалды ойыннан, шетел тілінде «To the Forest of Firefly lights» атты фильм көрсету мен Turkish Speaking Корей тілін насихаттаушы тұлғалармен кездесуден, «Информатикалық квест» құрастырудан, «Ұлттық құндылықтар сыр сандығы» атты іскерлік ойыннан,  «Жас Педагог» QUIZ  және таза ауадағы ойын «Idealize yourself» ойындарынан тұрады.

Барлық келген балалар лагерьдің аталған іс-шараларына қатысуға өте  ынталы. Кіші және орта мектеп жасына дейінгі балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге музыкалық ойындар ойнап, көңілді музыкамен түрлі қимылдар жасады. Аниматорлармен бірге қозғалыстарын, жануарлардың түрлі дыбыстарын мұқият қайталады, кейіпкерлерімен бірге бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.

-Балалар – біздің болашағымыз… Лагерьде өткізілген әрбір күн – көтеріңкі көңіл-күй мен позитивтіліктің, жаңа білімнің ашылуының және барлық балалардың шығармашылық әлеуетін дамытудың күні. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, колледж ұжымы болып ынтымақтасып атсалысудамыз, – дейді Лейла Асылхан.

 

Барлық балаларға жақсы демалып, күш-қуат жинап, жазғы лагерьде жарқын әсер алуларына тілектеспіз!