7 Маусым 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЕДЕЛДІ СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

«Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері Анастасия Редькина мен Естияр Сағадиев Кореяда білім алу үшін GKS Scholarship және GGMP Scholarship стипендияларын иеленді. Олар академиялық кезеңді Кенсан ұлттық университетінде өткізеді.

Бұл стипендия аударма ісі саласындағы білім мен дағдыларды тереңдетуге, Кореяның мәдениеті мен тілімен танысуға, кәсіби көкжиектерді кеңейтуге және құнды халықаралық тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік береді.

ШҚУ студенттерінің арасында корей стипендиясына тағы бір үміткер-осы мамандықтың студенті Аида Нұрғазина да бар.