10 Маусым 2024


Ж.К.УӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Әдемі шарлар, салтанатты ән және қызыл лента. Алма-матерде ШҚУ-дың бірінші ректоры және Қазақстан Республикасы жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері Ж.К.Уәлиев атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті.
Шараға ЖОО Директорлар кеңесінің атынан төраға Рақымжанов Әмірхан Мұратбекұлы,проректорлар мен IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге арнайы шақырылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, ҚР ҰҒА академигі, инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі Еуропалық желінің вице-президенті Мұхамбетқали Бүркітбаев келді.
– Жұмаш Кәрімұлы бастаған Өскемен педагогикалық институты КСРО-ның үздік бес педагогикалық институтының қатарына кірді. Үш рет ЖОО ұжымы КБОК Ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды. ЖОО түлектері еліміздің және әлемнің ірі корпорациялары мен кәсіпорындарында жоғары лауазымдарға табысты жұмысқа орналастырылды. Бұл басшының сауатты және көрегенділігі мен кәсібилігінің көрінісі, ол үшін Жұмаш Кәрімұлына бүгінгі күнге дейін алғыс айтамыз, – дейді Мұхтар Әділбекұлы.
Айта өту керек,жаңа аудитория дәрістер өткізуге арналған. Ол жайлы жиһазбен, теледидармен және заманауи интерактивті панельмен жабдықталған. Қабырғада тапсырыс бойынша жасалған құрметті химиктің портреті тұр. Сондай-ақ, Уәлиев мырзаның жақын адамдары ЖОО-ға берген жеке заттары сақталған. Атап айтқанда, ӨПИ ректоры болып тағайындау туралы бұйрық, мақтау қағаздары, авторлық монографиялар мен қолжазбалар.
– Көптеген жылдар бойы дәл осы аудиторияда Жұмаш Уәлиевтің өзі химиялық технология туралы дәріс оқыды. Бұл адам университетті құрудың бастауында тұрды және оның дамуына баға жетпес үлес қосты. Сондықтан, ректорымыз Мұхтар Әділбекұлының бастамасымен жөндеу жұмыстары басталған кезде біз өте қуандық. Енді сабақтарды сапалы өткізу үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Жас ұрпақтың ШҚУ-дың ның бірінші ректорын білуі және есте сақтауы қуантады, – дейді химия кафедрасының меңгерушісі Бақыт Шаихова.
Айта кету керек, 1960 жылы Ж.К.Уәлиев Өскемен педагогикалық институтының директоры, ал қайта аттестаттаудан кейін ректор болып тағайындалды. Ол бұл қызметте 24 жыл бойы аянбай қызмет етті