11 июня 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің химия кафедрасының «Химия және наноматериалдар», «Химиялық криминалистикалық сараптама» БББ 1 курс студенттері 27 мамыр мен 7 маусым аралығында оқу іс- тәжірибесін өтті.

Оқу іс-тәжірибе экскурсиялық-таныстыру форматында өтті.Тәжірибе барысында студенттер қаланың, облыстың және республиканың кәсіпорындарына барып, олардың әрқайсысының қызметімен танысты.

Атап айтқанда,ҚазМырыш ЖШС, Үлбі Металлургия зауыты АҚ (ҮМЗ),Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен Водоканал» ШЖҚ МКК, Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалы, «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металургия түсті металдар институты» филиалы («ҚР МШКҰЖ ҰO» РМК «ВНИИцветмет» филиалы),С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасы (ҰҚҰҒЗ).

Іс-тәжірибенің мақсаты-Өскемен кәсіпорындарындағы өндірістік процестерді зерделеу, әртүрлі салалардағы заманауи технологиялармен және жұмыс принциптерімен танысу.

Студенттер химия кафедрасының сениор лекторы,магистр Сән Советбековнаның жетекшілігімен,іс-тәжірибе аясында кәсіпорындарда қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтарды көріп, Өскемендегі өндірістің түрлі салалары туралы практикалық түсінік алды.
Сондай-ақ, студенттер экономика мен әлеуметтік саланы дамыту үшін ғылыми білім мен инновацияны қолдану қаншалықты маңызды екенін түсініп,қорытынды конференцияда іс-тәжірибеден алған әсерлерін атап өтті.

Айта кету керек,іс-тәжірибенің бұл форматы болашақ химиктер мен криминиластирге қажет кәсіпорындарды өз көзімен көруге мүмкіндік беруімен маңызды.