12 Маусым 2024


«BILIM-KAZYNA» ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ «BILIM-KAZYNA» қоғамдық қорымен меморандумға қол қойды. Қор президенті Абдунаим Сейдмухаммед. Қол қойылған құжат бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруды және кадрлар даярлау саласында тәжірибе алмасуды көздейді. Тараптар практикалық дәрістер мен семинарлар өткізу, оқу құралдарын бірлесіп басып шығару, білім беру саласында консультативтік және сараптамалық жұмыстар жүргізу туралы уағдаласты.


Құттықтау сөзінде ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген бес жылдық серіктестіктің негізі болатын шарттың бірегейлігі мен маңыздылығын атап өтті.


Айта кетейік, «BILIM-KAZYNA» қоры 2015 жылы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінде ашылған. Бұл Алматы қаласында орналасқан Қазақстандағы жалғыз жоғары Исламдық оқу орыны.