13 июня 2024


ШҚУ РЕКТОРЫ «СЕМЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» РЕКТОРЫМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін университет серіктестерінің тізімі тағы бір оқу орынымен толықты. ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген «Семей медициналық университетіні» ректоры Алтай Дюсуповпен меморандумға қол қойды.

Семей қаласындағы ресми кездесуге ЖОО-ның бірінші басшысымен бірге профессор-оқытушылар құрамының делегациясы барды. Олардың ішінде Психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Мадина Әуренова мен Бибінұр Жұмағалиева, сондай-ақ кафедра меңгерушісі Малика Бекбаева бар.


Келісімнің мақсаты – «Эргопедагогика», «Ерте жастан қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламалары бойынша арнайы педагогтар мен реабилитологтарды даярлау және қайта даярлау саласындағы ынтымақтастық. Сонымен қатар, дәрістер, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер өткізу және бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру жоспарлануда.


Кездесу барысында қатысушылар ерте оңалту және абилитация ғылыми-зерттеу орталығын дамыту тұжырымдамасын талқылады. Жоғары оқу орындары өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда ерекше балалардың саны арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында абилитациялық, оңалту және түзету жұмыстарын жетілдіру қажеттілігін талап етеді.