20 Маусым 2024


ШҚУ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫСТЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ комплаенс-офицері Қайнар Жексембаев ЖОО оқытушылары мен комплаенс-офицерлеріне арналған «Culture of integrity in higher education» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектепке қатысты.
Мектепті ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының білімін нығайту, сондай-ақ білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды зерделеу және енгізу.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі төрт күндік іс-шара бағдарламасы топтық және жеке тапсырмалардан, квиз-ойындардан, авторлық баяндамалардың тұсаукесерлерінен тұрды.

Сонымен қатар, қатысушылар алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы Евгений Бедыч, «International Academy of Emotional Intelligence» бизнес-тренері Әйгерім Тарбағатаева, Қазақстандағы БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының коммуникациялар жөніндегі маманы Мадина Калимова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай және т.б. баяндамаларын оқыды.
Қайнар Жексембаевтың айтуынша, жазғы мектептегі оқу жемісті әрі танымды өтті.

Соңында жоғары оқу орындарының комплаенс-офицерлеріне киелі орындарға экскурсия жүргізіп, сертификаттарын табыс етті.