25 июня 2024
ШҚУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА
Өскеменде 180 қатысушы арасында техникалық шығармашылық пен өнертабыстың республикалық жарысы аяқталды. Іс-шараны ҚР Білім Министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Негізгі мақсат-жас қазақстандықтар арасында техникалық шығармашылықты дамыту, тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын және кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыру.
Айта кетейік, ЖОО оқытушылары Ақмарал Жақсалықова мен Бақытжан Көпжасаров қазылар алқасының мүшелері болды. Оқушылар оларға автомобильдердің, кемелердің және ұшақтардың радиомен басқарылатын модельдерін ұсынды. Соңында Алма-матер өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
— Іс — шараны қолдағаны және оны ұйымдастыруға белсенді көмек көрсеткені үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ға үлкен алғысымды білдіремін , — деді ҚР Білім Министрлігінің маманы Раиса Шер.
Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы жалпы командалық үшінші орынға ие болды.