28 июня 2024


МАРАПАТТАР МЕН ҚҰТТЫҚТАУЛАР: ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің жоспарлы отырысы өтті. Қатысушылар сегіз өзекті мәселені талқылады. Атап айтқанда, 2024-2025 оқу жылына арналған оқу жоспарлары, білім беру бағдарламалары бойынша аттестаттау комиссиясының есептері, емтихан нысандары, педагог білімін бағалау, кәсіптік бағдар беру жұмысы, түлектерді жұмысқа орналастыру, ПОҚ монографияларын жариялау, сондай-ақ докторлық диссертациялар тақырыптары.


Жиын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Инесса Чернышеваның атынан Қазақстанның Білім және ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін ЖОО қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттаумен жалғасты. Марапатталғандардың арасында «Дана бала» ҮИБО басшысы Алима Алипова, психология және түзету педагогикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Юлия Кукина, химия кафедрасының сеньор-лекторы Сан Оразова бар.


Отырыс соңында ректор Мұхтар Төлеген облыстық «Дидар» газетінің журналисі Айжанат Иксановаға ұзақ мерзімді ынтымақтастығы үшін алғыс білдіріп, кәсіби мерекесімен құттықтады. БАҚ өкіліне 100 000 теңге көлемінде сертификатпен пен алғыс хат табысталды.