28 Маусым 2024


ШҚУ-ДА ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮШІН ЖАЗҒЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да жас ғалымдар мен докторанттарға арналған жазғы мектептің ашылу салтанаты өтті.
Жазғы мектеп «Граф-ағаштарындағы дифференциалдық теңдеулердің өңделген іздері» тақырыбына арналды.
Шараға арнайы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры,физика-математика ғылымдарының докторы Балтабек Кангужин,Математика және математикалық модельдеу институтының профессоры Бақытбек Кошанов және өңірдегі ЖОО-лардың математика кафедраларының оқытушылары қатысты.


Сондай-ақ, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Бауыржан Рахадилов,академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нурлана Алимбекова,математика кафедрасының меңгерушісі Ерлан Ерғалиев математиканың ғылымдағы көрінісі жайлы сөз сөйледі.
Шара барысында қатысушылар арасында математиканың ғылыми тұсы,бүгінгі жағдайы мен білім мен ғылымдағы көрінісі,авторлық құқық және патент алу жайлы ашық талқылау жүрді.


-Есеп шығарғысы келетін,ғылыми жұмыс істегісі келетін ізденімпаз жастарды тарту керек.Ғылым оңай сала емес.Қазір математикада өзгеріс көп,-дейді ҚазҰУ-дың профессоры,физика-математика ғылымдарының докторы Балтабек Кангужин.


Ал,шара соңы Soft skils дәрістері жайлы еркін әңгіме мен толғандырған сауалдарға жауап берумен аяқталды.
Айта кету керек,жазғы мектеп бір апта бойы жалғаспақ.