28 Маусым 2024


ERASMUS+: AMANZHOLOV UNIVERSITY ЕКІ ЖОБАНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Amanzholov University Erasmus+ KA171 бағдарламасы аясында Università di Genova және Università degli studi di Cassino e del Lazio Meridionale итальяндық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, академиялық мобильділік бойынша екі жобаны жеңіп алды.

Жобалар білім мен ғылым саласындағы серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында студенттер мен оқытушылар арасында белсенді алмасуды көздейді.

Жобаларды жүзеге асыру үш жылға есептелген. Жақын арада Erasmus+ Ұлттық агенттігімен жұмыс принциптерін талқылау жоспарлануда.