1 июля 2024


ШҚУ-ДЫҢ ПРОФЕССОРЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН ӘЗІРЛЕДІ

Шығыс Қазақстан университетінің Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мархаба Карменова деректерді талдау технологиялары мен машиналық оқыту әдістерін әзірледі.


Қалалық объектілердің сейсмикалық төзімділігін бағалауда жер сілкіністерінің тығыз учаскелерін анықтау үшін DBSCAN алгоритміне негізделген кластерлік талдау қолданылады.
Одан әрі ғалым әр кластердегі шешім шекарасын нақтылау және деректер құрылымын зерттеу үшін жіктеу әдістерін қолданады.


— Менің әдісім деректердің интеллектуалды талдауына негізделген. Мұндай талдаудың басты артықшылығы — жылдамдық. Кейбір жағдайларда деректерді барынша жедел алу қажет, — деп түсіндірді профессор.


Мархаба Карменованың айтуынша, ол жұмысында жүйелерді басқару теориясының аппаратын, статистикалық талдау әдістерін, жасанды интеллект пен ақпараттық жүйелерді жобалау технологияларын қолданады.


Бүгінгі таңда ғалым интеллектуалды ақпараттық-аналитикалық жүйенің архитектурасын және оның бағдарламасын жүзеге асырды.