2 Шілде 2024


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: 30 ЕЛ, 120 ШАРТ

Университеттің халықаралық қызметі Болон процесінің қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған. Оның негізгі ережелерінің бірі – оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы. Бүгінгі таңда С. Аманжолов атындағы ШҚУ 30-дан астам елде орналасқан 120-дан астам серіктес жоғары оқу орындарымен келісімдерге ие. Альма-матерде Еуропа, Оңтүстік Азия және Америка университеттерімен екі жақты ғылыми байланыстар орнатылған.

Жыл сайын ШҚУ-дың студенттері мен магистранттары жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарына екі жақты байланыстар аясында және халықаралық бағдарламалар есебінен оқуға барады. Мысалы, Erasmus+, Болашақ, DAAD, ITEC, Orhun бағдарламалары.

2023-2024 оқу жылында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АҚШ, Польша, Италия, Венгрия, Әзірбайжан және Түркия университеттерінде білім алды.

Алдағы оқу жылында студенттер Италия, Польша, Венгрия, Литва, Қытай және Оңтүстік Корея жоғары оқу орындарында бір семестр білім алады деп жоспарлануда.