12 июля 2024


«ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИТЕТ» ЖОБАСЫ: ҰЛТТЫҚ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ КЕШІ

ОрФУ-да ұлттық қонақжайлылық кеші өтті. Қатысушылар халық билерін билеп, бір-біріне ұлттық тағамдарын ұсынды.


-Тәжікстан, Үндістан және Беларусь студенттерінің билері өте тамаша болды. Ресей, Армения, Қырғызстан және Алжирден келген тәттілер маған қатты ұнады. Қызықты кеш үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Біз әр елдің мәдениетіндегі ерекшеліктерімен таныстық, — дейді ШҚУ студенті Эвелина Каун.


Өз кезегінде, альма-матер студенттері қазақтың дәстүрлі «Беташар» салтын ұйымдастырды. Көрме барысында жастар танымал «Жар-жар» әнін шырқады. Шашу шашып, ізгі тілектерін айтты.


Сонымен қатар, «Жазғы университет» қатысушылары Екатеринбургтегі инновациялық әзірлемелердің халықаралық көрмесі – ИННОПРОМ-2024 көрмесін тамашалауға да барып үлгерді.