12 Шілде 2024


ТҮЛЕК-2024: ЖГҒМ ЖӘНЕ ПЖМ

Бітірушілерге диплом табыстау салтанатына арналған үш күндік шаралар циклі аяқталды. Соңғы күні Жоғары гуманитарлық мектеп пен Жоғары педагогика мектебінің түлектеріне жоғары білім туралы құжаттар табысталды.


Шара бағдарламасы би және вокалдық қойылымдар мен альма-матердің үздік студенттерін дәстүрлі алғыс хаттармен марапаттаудан тұрды.


2024 жылы орта білім негізінде және ТжКБ базасында Педагогика жоғары мектебін бакалавриат бойынша 423 түлек бітіреді. Оның ішінде 26 студент үздік диплом иегерлері. Ал, ЖГҒМ-ін 400 адам бітіреді.


-Жыл сайын жас спортшылар факультетіміздің атағын ел көлемінде және әлемге әйгілі етуде. Олардың қатарында Мақсат Ерланұлы, Влада Тараданова, Екатерина Мескини, Бекзат Әбділқан және т.б. бар. Сондай-ақ, мұғалімдер, дефектологтар, тәрбиешілер де шетте қалмайды. Біздің студенттердің әрқайсысы талантты әрі дарынды, – дейді ПЖМ деканы Гүлнар Күленова.


Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінде 40-тан астам үздік студент бар. Факультет халықаралық және республикалық олимпиадалардағы тұрақты жеңістерімен және академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы жоғары статистикалық көрсеткіштерімен танымал. Мәселен, 40-қа жуық студент шетелдік серіктес университеттерде білім алды.


Түлектер мен олардың ата-аналарының айтуынша, аталмыш шара оларға ұмытылмас әсер мен ескірмес естеліктер сыйлады.