13 Шілде 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY-ДЕ ГРАНТҚА ӨТІНІШ БЕРУГЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да талапкерлер үшін мемлекеттік грантқа өтініш беру ауқымды шарасы басталды.
Талапкерлер мен олардың ата-аналары қабылдау комиссиясына таңмен таласа келіп,өз құжаттарын өткізуге асығуда.
Олар гранттан үмітті,таңдаулары-бір.

-Таңдауым-Amanzholov University.Грантқа түсуге ниеттімін.Қабылдау комиссиясы бар сауалыма жауап беруде.Барлық құжатымды өткіздім,-дейді Ислана Жалынқызы.

-Мен ҰБТ-дан 118 ұпай жинап,мектепті алтын белгімен аяқтадым.Болашақта мықты маман болғым келеді.Сол үшін С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды таңдадым,-дейді Жұлдыз Ринатова.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың басқарма-төрағасы,ректор Мұхтар Төлеген келіп,талапкерлер мен ата-аналармен кездесті.

-Қабылдау комиссиясына келушілердің қарасы қалың.Талапкерлердің бар сауалына жауап беруде.С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қабылдау комиссиясы еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істеуде.Атап айтқанда,Түркістан облысы,Маңғыстау облысы,Шығыс Қазақстан облысының аудандары және т.б,-дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Айта кету керек,өзге қалалардағы талапкерлер С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды таңдауға өтінішті өз қалаларындағы білім ордаларына барып бере алады.
Мемлекеттік грантқа өтінім қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.