15 Шілде 2024


АМАНЖОЛОВ УНИВЕРСИТЕТІ ШҚО-ДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАР ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІН 100% ЖАБАДЫ

ҚР Білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мектептерінде 3 мыңға жуық мұғалім жетіспейді. Күрделі кадр тапшылығы орта білім сапасына айтарлықтай әсер етеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің мәртебесін көтеру, оқу бағдарламаларын жаңарту және қазақстандық жоғары оқу орындарын ілгерілету туралы айтып, бірнеше рет осы мәселеге тоқталды.

Осылайша, көп жылдар бойы өңірдегі ең ірі университет – С.Аманжолов атындағы ШҚУ түрлі салада ұстаздар дайындап, жалпыұлттық маңызы бар мәселені шешуге атсалысуда.

-2023 жылы Шығыс Қазақстан облысында педагогикалық кадрларға қажеттілік 230 адамды құрады. Сол жылы біз 689 дайын маманды шығарып, облыстағы, тіпті Қазақстанның басқа өңірлеріндегі қажеттілікті толықтай өтедік», – деп атап өтті ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аманжолов атындағы университет үздіксіз педагогикалық білім беру орталығы болып табылады. Өйткені, оқу орыны 32 білім беру бағдарламасы бойынша білім береді.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды мектепке дейінгі мекемелерден бастап колледждерге дейін қайта даярлау курстарын жүйелі түрде өткізіп тұрады.

– Үздіксіз білім беру жүйесі – эрудитті, сауатты, озық ұрпақ тәрбиелеудің басты кілтінің бірі екеніне сенімдіміз. Ұстаздар балаларымызға білім бере отырып, өз білімдерін жетілдіруді ұмытпауы керек. Бүгінде біз сегіз бағыт бойынша педагогикалық қайта даярлауды жүргіземіз. Бізден түлеп ұшқан 100 маман қазір бізге жаңа біліммен оралды, – деді университет басшысы.

Сонымен қатар, бүгінде арнайы мұғалімдерді қажет ететін ерекше балалардың қарқынды түрде дамуы байқалады. Инклюзивті орта үшін кадр даярлауға маманданған аймақтағы жалғыз университет С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Ерте қолдау педагогикасы» білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Ол ерте даму ерекшеліктерін бағалау және оңалтуға арналған.

-Туған кезде әртүрлі кемістігі бар балалардың 2%-ы ғана анықталса, 8-9 жасқа дейін мұндай балалардың саны 10%-ға дейін артады. Бұл балалардың 8 пайызына диагноз қойылмағанын және ерте көмек алмағанын білдіреді, – деді ШҚУ доценті Светлана Стельмах.

Екіншіден, сұранысқа ие Эргопедагогика мамандығы Церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа да ақаулары бар балалармен жұмыс істеуге бағытталған. Түлектер балалардың іс-әрекетін дамыту бағдарламаларын әзірлеумен және қолдаумен айналысады.

-Жаңа заманғы мұғалімдер қазіргі шындыққа бейімделуі керек. Сондықтан, жаңа бағдарламалар енгізілуі тиіс. Бүгінде университет «Педагогтардың білім беру әлеуетін күшейту» жобасы аясында 30 инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлеу арқылы жұмыс тобының қатарында. Алдағы уақытта «Оқыту бағдарламаларын жобалау», «Білім берудегі зерттеулер» және т.б. қажеттіліктерді енгізуді жоспарлап отырмыз, – деп Мұхтар Әділбекұлы өз жоспарларымен бөлісті.

Осылайша, Аманжолов атындағы университет оқу-педагогикалық жағынан бірқатар мәселенің түйінін шешіп отырған білікті ортаға айналып отыр.