16 Шілде 2024


КҮНДІЗГІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ОҚУ ТҮРІНЕ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да екі жылдық күндізгі қысқартылған оқу түріне қабылдау басталды.
Айта кетейік, оқыту техникалық және кәсіби білім негізінде келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі: «Шет тілі: екі шет тілі», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Музыкалық білім», «Математика», «Информатика».
Amanzholov University-де жеделдетілген мерзімде сапалы білім алу мүмкіндігін пайдалануға тілек білдірушілерді шақырамыз!