17 июля 2024


ГЕРМАНИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУДЕ

ШҚУ-ға ректор Мұхтар Төлегеннің шақыртуымен Георг Август атындағы Геттинген университетінің профессоры Йоханнес Рекель келді. Ол Шығыс және Орталық Азия бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы маманы, алтай, сібір, палеоазиялық тілдер, этнология, жалпы лингвистика және әдебиеттану бойынша сарапшы ретінде көпке танымал.


Профессордың соңғы зерттеулері Моңғолия мен Орталық Азиядағы петроглифтер мен тас балбалдарға қатысты. Осы себепті тасын түртсең тарихын толғайтын Шығыс Қазақстанға арнайы келуі де бекер емес.


ЖОО-да Йоханнес Рекель археолог Зейнолла Самашевпен және «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Майра Тарлаубаймен кездесті. Германиядан келген қонақ әріптестерімен тарих және археология бойынша маңызды жобаларды талқылады.


Жақын арада Ақбауырда профессордың, Д. Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми делегациясының қатысуымен «Алтай – түркі әлемінің негізі» атты ғылыми семинар өтеді. Шараны ұйымдастырушылар – «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары.