18 июля 2024


БУРЯТИЯДАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ШҚО ТАБИҒАТЫНА ТӘНТІ БОЛДЫ

Дорджи Банзаров атындағы Бурят Мемлекеттік университетінің 12 оқушысынан құралған делегация ШҚУ-дың «Сібе» оқу-далалық практика орталығында болды.
Шетелдік студенттерге аймақтың табиғи ландшафттары көрсетілді. Сібе көлдері керемет табиғатымен ерекше.


-Маған сапар өте ұнады. Таулардағы көріністер ерекше. Бір жағынан орманды таулар, екінші жағынан жартастар. Суы тұнық бірнеше көлдер бар екен. Қазақстанның табиғаты да, халқы да керемет, — дейді БМУ-дың студенті Бальжима Цоктоева.


Естеріңізге сала кетейік, 15 шілдеде ЖОО-да алғаш рет ШҚО-ның киелі орындарын зерттеуге арналған халықаралық жазғы мектеп басталды. Іс-шараға Бурятиядан келген қонақтар қатысты.