18 июля 2024


ҮЛКЕН АЛТАЙ ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ КӨЗІМЕН

15-21 шілде аралығында ШҚУ студенттері АлтМУ мен «Үлкен Алтай» Ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған жас тарихшы-ғалымдардың, түркологтар мен алтаистердің IV Халықаралық жазғы мектебіне қатысуда.
Шара Үлкен алтайдың ерте ортағасырлық қоғамын зерттеуге арналған.


Бірінші күні мектеп қатысушылары Барнаул қаласымен танысып, Алтай Археология мұражайында болды.


-Біз неандертал мен денисовтыққа тиесілі археологиялық артефактілерді өз көзімізбен көрдік. Сондай-ақ бізді скиф-сақ кезеңіне арналған бұрыш, ондағы Яломанның екінші қорымынан табылған ежелгі эртокум қызықтырды, — дейді ШҚУ студенті Ұлту Мұратбекқызы.


Айта кетейік, халықаралық іс-шараға ШҚУ-дың 10 студенті қатысуда
Топ кураторы — Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ерназ Ермеков.