23 июля 2024


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖОБАЛАРЫ РЕСЕЙДЕ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

ШҚУ-дың студенттері Екатеринбург қаласында өткен «Жазғы университет-2024» ресейлік жобасы аясында авторлық жұмыстарын ұсынды. Жұмыстар еуразиялық кеңістікте қашықтықтан жұмыс істеуді реттеу тұжырымдамасын, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарына арналған философия клубын қамтыды. Жас қазақстандықтарды Орал Федералдық Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы жоғары бағалады. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды.


— «Жазғы университет» жоғары деңгейде өтті. Біздің студенттер жаңа білім алып, топта жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, ОрФУ мен ШҚУ арасындағы серіктестікті ұзарту туралы құжатқа қол қойды. Осындай ауқымды іс — шараға қатысуға мүмкіндік бергені үшін Мұхтар Әділбекұлына алғысымызды білдіреміз, — деді Коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық кеңсесі департаментінің директоры Динара Сапарова.


Еске сала кетейік, 8-22 шілде аралығында «Орыс тілі мен әдебиеті» БББ студенттері Анастасия Ляпунова мен Арна Рахметулланова, «Құқықтану» БББ студенті Равиль Сырымбаев, «Менеджмент» БББ студенті Эвелина Каун «Жазғы университет-2024» жобасына қатысты. Оқу Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералды университетінде өтті.