24 июля 2024


«ORHUN»: ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ БІЛІМ КӨКЖИЕКТЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

Алдағы оқу жылында «ORHUN» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша бауырлас елдерге — Түркия мен Әзірбайжанға 12 студент барады. Жарты жыл бойы білім алушылар Baku State University, Ege Univerity, Cappadocia University сияқты жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

— Университет осындай бірегей мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Алда мені жаңа білім мен жаңа елдің мәдениетімен танысу күтіп тұр, — дейді «Екі шет тілі» білім беру бағдарламасының студенті Камила Багимбаева.

Естеріңізге сала кетейік, ORHUN —түркі университеттері қауымдастығының мүшелері арасындағы халықаралық алмасу бағдарламасы. Оның негізгі міндеттері: университеттер арасындағы дипломдардың баламалылығын тану, ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және түркі әлемін зерттеумен айналысатын жастарға арнайы шәкіртақы тағайындау.
Бүгінгі таңда университет өз студенттері мен оқытушыларына оқуда, тәжірибе алмасу мен бірлескен зерттеулер жүргізуде бірегей мүмкіндіктер ұсыну үшін әлемдегі жетекші оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен байланысты белсенді түрде нығайтуда. Мұндай шара оқуды сапалы етеді және университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді.