25 июля 2024


ҚОС ДИПЛОМДЫ БІЛІМ: СТУДЕНТТЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттер мен магистранттарға қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында екі бірдей диплом алуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Бүгінгі таңда ШҚУ Алтай мемлекеттік университетімен (Ресей) және Ұлы Витаутас атындағы университетпен (Литва) серіктестік орнатты.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы «Информатика» БББ магистранттары Әділет Амангельдин мен Алмас Әсет, сондай-ақ «Физика» БББ магистранты Аружан Толықбаева Алтай мемлекеттік университетін сәтті аяқтады. 2024 жылы «Есеп және аудит» БББ студенті Томирис Медетқызы Ұлы Витаутас атындағы университеттен (Каунас қ., Литва) диплом алады.

Университеттің даму бағдарламасына сәйкес, осы жылы QS рейтингінің 700 үздік жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім берудің екі бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 2023 жылдың қазан айында университет Кассино және Оңтүстік Лацио университеттерімен «Дене шынықтыру және спорт», «Экономика» бағыттары бойынша, Генуя университетімен «Педагогика. Инклюзивті білім беру» және «Туризм» бағдарламалары бойынша қос дипломды бағдарламаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды. Осы бағдарламалар бойынша оқыту алдағы оқу жылында басталады. Сондай-ақ, «Математика, «Педагогика және психология», » Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі «, «Тарих», «География» мамандықтары бойынша қос дипломды бағдарламаларын іске асыру туралы келісімдер жасалды.
Алдағы уақытта Помор академиясымен (Польша) «Биология» және «География» бағыттары бойынша қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу жоспарланып отыр.