26 июля 2024


УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІН ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ

Amanzholov University студенттердің академиялық біліміне ғана емес, адами құндылықтарына да көп көңіл бөледі. Университеттегі тәрбие жұмысы болашақ мамандарды даярлау ісінің ажырамас бөлігі әрі басым бағыттардың бірі саналады.

Оқу жылының басынан бері университетте 50-ден астам шара өткізілді. Студенттердің айтуынша, бұл олардың рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына оң әсер етеді.
Қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздері туралы дәрістер циклы ұйымдастырылды. ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі қаржылық сауаттылықты арттыру қажеттілігі, қаржылық қауіпсіздік түрлері, қаржылық алаяқтық туралы айтып берді. ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі үлкен деректер дәуіріндегі жаңа киберқауіптер және құқықтық қорғау жолдары туралы айтты. Мақсатты профилактикалық жұмыс «Студенттік ортада АИТВ-инфекцияларының алдын алу жөніндегі бағдарлама», «Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу және бағдарламасы», «Студенттік ортада темекі шегудің, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі бағдарлама» негізінде бірқатар шара жүзеге асырылды.

ЖОО-дағы Студенттік өзін-өзі басқару – бұл студенттерге университетті басқаруға және оларды ұйымдастыруға қатысуға мүмкіндік беретін оқу-тәрбие процесінің элементі. Студенттік өзін-өзі басқару органдарына: жастар ісі жөніндегі комитет, жоғары мектептер жанындағы Студенттік парламент, «Жастар Рухы», «Ділмар» пікірсайыс клубы, «Парасат» зияткерлік клубы, «Шамшырақ» шығармашылық клубы, «Көркем» қыздар клубы, «Жаңа Өскемен» көңілді тапқырлар клубы, «Мейірім» еріктілер клубы, «Ақбозат» шахмат клубы, «Саналы ұрпақ» спорт клубы, «Семсер» жас ақындар мектебі және «Шабыт» студенттік театры жатады. Апта сайын студенттердің көшбасшыларымен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған кеңестер мен ұсыныстар талқыланатын жиындар өткізіледі.

Нақты ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымы, материалдық-техникалық базасы, қаржыландыруы және басшылықтан қолдауы бар университеттің тәрбие жұмысы әрқашан оң нәтиже көрсетеді.