26 июля 2024


ШҚУ WEBOMETRICS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙТИНГІНДЕ

Webometrics әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінің нәтижелерін жариялады. Талдау университеттердің ресми сайттарын жүргізу мен оның мазмұнына негізделген.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда өз позициясын жақсартты. Ол кезде университет ұлттық рейтингте 6о-ншы ал әлемдік рейтингте 21109-ншы орында еді. Жаңа зерттеулер бойынша жалпы көрсеткіш 2618 пунктке өскен. Бүгінде ШҚУ ұлттық тізімде 47-ші орынды және 200 түрлі елдің 32000 ЖОО арасында әлемде 18491-ші орынды иеленді.

-Кәсіби интернет-қауымдастықтар мен әлеуметтік желілерде университет сайтына өту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет, өйткені осы рейтингті жасау кезінде кері сілтемелері бар сыртқы көздердің саны ескеріледі. Келесі академиялық оқу жылында бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдімін, — дейді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Оң динамика университеттің педагогикалық, білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік-тәрбиелік өміріндегі ұжымның тұрақты, табысты жұмысын көрсетеді.