31 июля 2024


«ЯДРОЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АҚ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ға өнеркәсіптік қондырғыларды жобалаумен және ядролық технологияларды дамытумен айналысатын «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өкілдері келді. Басқарма төрағасы Жанат Байғазиновпен және оның серіктерімен Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова кездесті. Тараптар ғылым мен білім саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, талқы кадрларды даярлау, жас ғалымдардың тағылымдамадан өтуі, дуалды оқытуды іске асыру, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бірлескен зерттеу қызметіне қатысты болды.

— Сіздердің ЖОО-да Ядролық технологиялар паркіне қажет өзекті мамандықтар оқытылады. ШҚУ студенттері мен түлектерін тарту үшін біз сапалы оқыту, түрлі ғылыми эксперименттер жүргізу мен табысты жұмысқа орналастыру үшін барлық жағдай жасауға тырысамыз, — деп уәде етті Жанат Әбілқанұлы.

— Сіздің ұсынысыңыз әсіресе біздің биологтар, химиктер, физиктер, экологтар мен материалтанушылар үшін аса қызықты. Біздің серіктестігіміз тиімді, жан-жақты болып, ауқымды нәтижелерге әкеледі деп санаймын, — деді Ирина Владимировна.

Алма-матерді неғұрлым жақын таныстыру үшін қонақтарға «Беттік инженерия және трибология» ҒЗО-ға және ҰҚҰҒЗ-ға экскурсия ұйымдастырылды. ШҚУ-дың ғылыми қызметкерлері материалдық-техникалық базаны таныстырып, іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді.

Айта кетейік, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ базасында өндірістік цех, зертханалар, жылжымалы химия-технологиялық кешен және т.б. жұмыс істейді. Ұйым мамандары биоқауіпсіздікті нығайту үшін Қазақстандағы SIT технологиясын оңтайландырып, полимерлік матрицаның инновациялық құрамын олардың көміртекті наноқұрылымдарымен модификациялау есебінен әзірлейді сондай-ақ, гидрогель өндірумен және т.б. ғылым мен өндіріс үшін маңызды жобалармен айналысады.