7 августа 2024


AMANZHOLOV UNIVERSITY ҒАЛЫМЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ТОЗУЫНА ҚАРСЫ ӘСЕРІ БАР БИОГЕЛЬ ЖАСАУМЕН АЙНАЛЫСУДА

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтың 75%-дан астамы тозуға ұшыраған. Қалған 25% тәуекел аймағында. Мұның бәрі өнімділіктің төмендеуіне және үлкен қаржылық шығындарға әкеледі.

Топырақ құнарлылығын арттыру жолын фермерлер ғана емес, қазақстандық ғалымдар да қолға алған. Нақты айтқанда, Amanzholov University-дің ғылыми қызметкері Қыдырмолла Ақатан агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту мақсатында топырақтың ылғалдылығы мен құнарлылығын арттыру үшін целлюлоза негізінде мультикомпозиттік биогидрогель әзірлеуде. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқауында жеңімпаз атанды.

Қыдырмолла Ақатанның айтуынша, биогидрогельге тек отандық шикізат пайдаланылықтан басқа түрлеріне қарағанда 1,5 есе арзан. Тағы бір артықшылығы — пайдаланудың әмбебаптығы. Гель дақылдардың барлық түрлеріне жарамды. Бұл тиімді құралды егіс алдындағы топырақты өңдеу кезінде қолдану қажет.

— Биогидрогель жасау үшін біз ауылшаруашылық дақылдардың қалдықтарын қолданамыз. Бұл экология мен экономика тұрғысынан да тиімді. Құралға тыңайтқыш, пайдалы қасиеттер сіңіру үшін жергілікті агроминералдарды иммобилизациялау жүргізіледі. Нәтижесінде біз өсімдіктерді тиімді сорбциялайтын, ылғалды сақтайтын, ыстыққа сезімтал және өсуге ықпал ететін препарат ала аламыз, — дейді ғалым.

Қазір жоба бойынша жұмыс зертханалық жағдайда жүзеге асырылуда. Қыдырмолла Ақатан отандық егін саласындағы өнімді 20-25%-ға дейін арттыруға сеп болатын жұмысын сәтті аяқтауға уәде берді. Сондай-ақ, гидрогель өндіруді өнеркәсіптік көлемде жоспарлап отыр.