12 августа 2024


ШҚУ ҒАЛЫМДАРЫ ЖАҢА ПАТЕНТКЕ ИЕ БОЛДЫ

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық даярлау және әдістемелік-технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттілік орталығы» жобасында физиктер, информатиктер мен дефектологтардың бірлесе жұмыс істеуі оң нәтиже беруде. Университет ғалымдары дефектологқа арналған интерактивті үстелге патент алды. Енді мамандардың практикалық қызметі үшін отандық өнімді тарату жоспарлануда.


Естеріңізге сала кетейік, инновациялық үстел сөйлеу дамуының тежелуі бар балаларға көмек көрсету құралдарымен жабдықталған. Яғни, сенсорлық моноблок, интерактивті панель, кәсіби логопедтік айна, логопедтік карточкалар мен қазақ тіліндегі әдістемелік материал бар.