13 августа 2024


ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Халықаралық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы аясында ШҚУ-ға Yildiz Technical University-дің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Бахадир Кескин келді. Химик-ғалым университет қызметкерлері, магистранттары мен докторанттары үшін дәрістер өткізуді, сондай-ақ университет ғалымдарымен бірлесіп ШҚУ базасында ғылыми жобаларды әзірлеумен айналысуды жоспарлап отыр.

— Мен осы өңірді егжей-тегжейлі зерттеп, ШҚО-да көптеген қызықты кәсіпорындар барын біліп, химия саласы жақсы дамығанынан хабардар болдым. Сондықтан ШҚО – саланы зерттеу мен эксперимент үшін ең пайдалы өңір деп санаймын, — дейді Бахадир Кескин.

Ғалымның Хирш индексі 11-ге тең. Ол 50-ден астам кітаптың, 110 ғылыми жұмыстың және бес халықаралық ғылыми жобаның авторы.